• Қабылдау бөлмесі тел.: +7(727)292-40-06
  • Казахстан, г. Алматы, ул. Масанчи 48А
  • energy@atke.kz
Алматыжылужайэнерго
Алматытеплокоммунэнерго

Корпоративтік этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау: "Премьера"қазандығының жұмыскерлері үшін семинар өткізу

Ағымдағы жылдың 4 маусымында "Алматыжылужайэнерго" ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметкерлері квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративтік этика, қызметтік мінез-құлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау мәселелеріне арналған "Премьера" қазандығының қызметкерлері үшін семинар өткізді.
Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің бас маманы Лейла Кәрібжанова қатысушыларды 2018 жылғы 26 шілдеде Серіктестіктің Бас директоры бекіткен "АЖЖЭ" ЖШС Корпоративтік этика кодексінің негізгі ережелерімен таныстырды. Семинар барысында Кодекстің негізгі қағидаттары мен талаптары түсіндірілді, этикалық жанжалдарды реттеудің практикалық мысалдары, сондай-ақ қызметкерлердің корпоративтік этика нормаларын сақтауға байланысты мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке жүгіну тәртібі қаралды.
Еңбек ұжымында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру және қолдау мәселелеріне, сондай-ақ жұмыскерлер арасындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу мен реттеудегі басшылардың рөліне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары, қоғамның ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары және еңбек қызметін жүзеге асыру процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған шаралар түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу жұмыскерлердің құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға, парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ қоғамда Серіктестікте жемқорлыққа қарсы тұрақты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.